Алтынсыз өткен 48 жыл

21 Мамыр 2014, 06:17

Футболдың отаны Англия өз тарихында бір рет қана алтын алған екен. Оның өзінде 1966 жылы өз жерінде өткен әлем біріншілігінде.

Футболдың отаны Англия өз тарихында бір рет қана алтын алған екен. Оның өзінде 1966 жылы өз жерінде өткен әлем біріншілігінде. Ал Еуропа чемпионатының бас жүлдесіне мүлдем қол жеткізіп көрген емес.

Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңдегі күнтізбесін, матчтың өтетін орнын оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық. 

Анлия құрамасы

Бас бапкер: Рой Ходжсон

Команда капитаны: Стивен Джеррард

Ең көп ойын өткізген ойыншы: Питер Лесли Шилтон ( 125)

Ең көп гол соққан ойыншы: Бобби Чарльтон (49)

ФИФА рейтінгісіндегі орны: 12

Англия футбол ассоциациясы 1863 жылы құрылып, 1905 жылы ФИФА-ға, 1954 жылы УЕФА-ға мүшелікке өтті.

Әлем біріншілігіне алғаш 1950 жылы қатысқан екен. Бразилиядағы доп додасына Еуропадан қатысқан 9 құраманың бірі ағылшындар өз тобынан шыға алмады. Осыдан бастап 1970 жылға дейін төрт жылдықтың басты додасына тұрақты түрде қатысып тұрды. 1966 жылы өз жерінде өткізген турнирде топ жарды. Чемпион атану үшін топтық бәсекеде Уругвай, Мексика, Франция құрамаларынан басым түсті. Ширек финалда Аргентианы еліне қайтарды. Жартылай финалда қара маржан Эйсебио бастаған Португалия құрамасымен жолықты. Ол кездері Эйсебионың атағы алысқа тарап тұрған. Жергілікті жанкүйерлердің қуанышына орай, Бобби Чарльтон дубль орындап, құрамасын финалға шығарды. Ақтық сында олар Германия Федеративтік Республикасының футболшыларымен кездесті. Бұл матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын экстра-таймға ұласты. Қосымша 30 минутта Джеффри Херст 2 гол соғып, Англияға алғашқы чемпиондықты сыйлады. Кездесуде хет-трик жасаған Херст матчтың үздік ойыншысы атанды.

Өткен ғасырдың 70-жылдары – Англия құрамасы дағдарысқа ұшырады. «Ливерпуль» клубы еурокубоктарды бірінен соң бірін ұтқанымен, ұлттық команда аталған онжылдықта қатарынан төрт турнирден сырт қалды (ЕЧ-1972, ӘЧ-1974, ЕЧ-1976, ӘЧ-1978). 

Одан кейінгі жылдары әлемдік додадағы ең жоғары жетістіктері тек ширек финал. Ағылшындардың көбінесе ойын соңындағы пенальтиде жолдары бола бермейді. 1996 жылы Еуропа біріншілігінің жартылай финалында немістерге, 2004, 2006 жылдары Португалияға, 2012 жылы Италияға осы футбол лотореясынан ұтылып қалды. 

Қазіргі құрам

2012 жылы ешкімнің рұқсатынсыз Джон Терриді капитандық міндетінен айырған бас бапкер Фабио Капеллоны елдің футбол одағы қызметінен қуды. Оның орнына Рой Ходжсон тағайындалды. Қазіргі кезде 66 жастағы ағылшындық бапкер Бразилия жерінде мына ойыншыларға сенім артуы тиіс.

Соңғы жылдары Англия қақпасын «Манчестер Сити» клубының қақпашысы Джо Харт қорғап жүр. Әзірге Хартқа тең келер ешкім жоқ. Одан бөлек тағы екі қақпашы бар. Олар: Бен Фостер («Вест Бромвич»), Фрейзер Форстер («Селтик»).

Қорғаныстың оң қанатын «Ливерпуль» ойыншысы Глен Джонсон мойнына алған. Ал қорғаныстың сол қапталында осы уақытқа дейін Эшли Коул өнер көрсетіп келген. Бірақ «Челсиге» Жозе Моуринью келгелі қосалқы құрамда қалып қойды. Сондықтан Ходжсон алаңға сирек шығып жүрген Коулдың орнына «Эвертонның» капитаны Лейтон Бейнске сенім артып отыр. Сондай-ақ сол қапталда ойнауға биыл талантымен жанкүйерлерді тәнті еткен Люк Шоу («Саутгемптон») бар.  Қорғаныстың орта тұсында Гари Кэхилл («Челси»), Фил Джагелка («Эвертон»),  Крис Смоллинг,  Филип Джонс (екеуіде – «Манчестер Юнайтед») бастаған жігіттерге сенім артылады.

 

Жартылай қорғаныста команда капитаны әрі «Ливерпульдің» символы Стивен Джеррард пен «Челсидің» тірі аңыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард жұбынан жанкүйерлер үлкен үміт күтеді. Бұл екі ойыншы үшін де соңғы әлем біріншілігі болмақ. Бұл дуэттен бөлек жас таланттар да Англияның ойын жүйесін өрістетуі тиіс. Олар: Джеймс Милнер («Манчестер Сити»), Джек Уилшир («Арсенал»), Джордан Хендерсон («Ливерпуль»), Адам Лаллана («Саутгемптон»), Джек Уилшир, Алекс Окслэйд-Чемберлен («Арсенал»), Росс Баркли («Эвертон»).

Шабуылда жарақатына байланысты Тео Уолкоттың өнер көрсете алмайтыны өкінішті. Бас бапкер Бразилияда Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед»)  мен Даниэл Старриджге («Ливерпуль») сенім артатын болады. Старридж биылғы маусымда «Ливерпульде» Суареспен бірге керемет өнер көрсетті. Сонымен қатар Ричард Ламберт («Саутгемптон») бар.

 

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі:

14 маусым.Манаус.Англия – Италия

19 маусым.Сан-Паулу. Уругвай – Англия

24 маусым.Белу-Оризонти. Коста-Рика – Англия

Бек Төлеуов

Бөлісу: