Желтоқсан айының басында Altynsarin institute басшылығының өкілдері Татарстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім университетіне сілтеме жасап.
Оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Ержан Әмірбекұлы, педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиев, тарих және өнер факультетінің деканы Гүлбаршын Конкина, жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Әлібек Ескермесұлы және ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Байсейітова Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.
Университет ректоры Альфинұр Ғалиакберовамен кездесу барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланды.
НМПУ ректоры қонақтарға ғылыми-білім беру кластері аясында қазақстандық әріптестер арасында сұранысқа ие бола алатын университеттің мүмкіндіктері туралы айтып берді.