Алтынай Жорабаева соғымға екі жылқы сойғанын айтып мақтанды

20 Қаңтар, 18:42 450

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасына үйіндегі етін көрсетіп, оны алған дүкенді жарнамалап, видео салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзім ет жемейтін едім, Астанаға көшкелі отбасымызбен осылай екі жылқы сойып алатын болыппыз, - дейді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады.

«Ішетін тамақты салу ұят емес пе? Ешкім аш емес қой», «Үйде ет жоқ болса ештеңе жоқ сияқты», «Соғым шүгін болсын», деп пікір қалдырған әншінің оқырмандары.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: