Алтынай Жорабаева бесінші қызын алғаш рет көпшілікке көрсетті

9 Ақпан 2024, 11:24 3567

Бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева желіде сәбиінің суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Амина Алишерқызы 1 айға толды. Амина қызымыздың парақшасын аштық, - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Өнер иесінің оқырмандары жылы лебізін білдіріп, құттықтап жатыр.

"Бауырсақ қой мына қыз", "Құтты болсын бақытты балалық шақ тілеймін", "Артынан шекесі торсықтай ұл келсін", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: