Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаеваның айыптауларына жауап берді

26 Маусым 2023, 17:52 5875

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаеваның «Ұлым «Алтынай тәте жақтырмайды» деп жылап келсе де, әкесімен араластырдым»  деген сөзіне өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

Өткенмен өмір сүру, қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өткенді езе бергеннен жан тыныштық таба ма? Айналаңа қарап, шүкір етуден тұрмай ма бұл өмірдің рахаты?! Айгүл Иманбаеваның сұхбатын маған жібере берген соң, осы жерге жазуды жөн көрдім. Себебі, көбі сол сөзге сеніп отыр. Мына нәрсе түсінбеймін… Егер Айгүлдің, ұлы Асылжанның реніші болса, неге оны Сәбит, Айгүл, Асылжан үшеуі отырып әңгімелесіп шешпейді? Міндетті түрде фильм түсіру керек пе? Мақсат не? Әлде осылай хайп жасау арқылы қаралым жинаймыз деп ойлады ма екен? - деді ол.

Сондай-ақ ол Иманбаеваның: «Алтынай тәте жақтырмайды» деп жылап келетін» деген әңгіме басқаша болғанын айтады.

Осы нәрсені маған да Айгүл айтқанда, таңғалып, «Мүмкін емес, керісінше, Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой. Сендер екі жақтан қарсы болдыңдар ашуға салынып, - дедім.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: