«Алтын көпір» аудармашылар байқауы

19 Шілде 2015, 12:54

«Алтын көпір» аудармашылар байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің, Қазақстан Жазушылар одағы және  «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауын өткізіледі.

Байқаудың мақсаты Ресей мен Қазақстан аудармашыларының халықаралық байқауын өткізу арқылы мемлекеттік тілді дәріптеу және екі ел арасындағы ынтымақты арттыру. Сонымен қатар екі тілде жұмыс істейтін аудармашылар арасында диалог ұйымдастыру болып табылады.

Байқауға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аударма саласындағы мамандары қатыса алады.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Поэзия- қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

2) Проза - қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

3) Поэзия – орыс тілінен қазақ тіліне аудару;

4) Проза - орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

Әр аталым бойынша 1 лауреат және 2 дипломант анықталады.

1. Байқау 2015 жылдың  15  шілдесі мен  15 қазан айлары  аралығында бірнеше кезең бойынша өткізіледі:

1- кезең – жұмыстарды қабылдау (2015жылдың 15 шілде - 20 тамыз аралығы)

2 - кезең  – байқау комиссиясының жұмысы (2015 жылдың 20 тамыз -                    20 қыркүйек аралығы)  

3-кезең – лонг-лист хабарлау (2015 жылғы 1 қазан)

4-кезең – шорт-лист хабарлау (2015 жылғы 10 қазан)

5-кезең – жеңімпаздарды марапаттау рәсімі (15 қазан 2015 ж);

2. Байқауға өтініш қабылдау 2015 жылғы 20 тамыз күні сағат 18.00 ге дейін жүргізіледі (Астана уақытымен).

3. Байқаудың әрбір аталымдағы жеңімпаздары дипломмен, гүл шоқтарымен  және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады:                       (1- орын - 200 000 теңгеден; 2- орын - 150 000 теңгеден; 3 орын - 120 000 теңгеден және ынталандыру сыйлығы 100 000 теңгеден)

Толығырақ талаптармен таныс болуы үшін www.altynkopir.kz сайтынан көруге болады. Барлық сұрақтар бойынша info@altynkopir.kz электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз

Бөлісу: