«Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

10 Желтоқсан 2023, 01:32 1016

Елордада дарынды жас ақындар мен жазушылар арасында жарияланған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы өз мәресіне жетті. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18-35 жас аралығындағы 100-ден астам қаламгер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл үздік қаламгерлер проза, поэзия, драматургия, балалар шығармасы, фантастика жанрындағы үздік шығарма мен үздік киносценарий, сонымен қатар «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» сынды жеті номинация бойынша анықталды. Дәстүрлі әдеби додаға биыл 161 шығарма ұсынылды.

126 байқауға түскен шығарманы арнайы нөмірлейміз. Әр ақынның, жазушының, автордың аты-жөнін білмейміз. 10 әділқазы мүшесі бәріміз бөліп аламыз да, бір ай бойы оқимыз. Оқып шығамыз да, 1-ден 10-ға дейін балл қоямыз. Сосын барлығымыз бір ай өткеннен кейін жиналамыз да, баллдарды қосамыз. Сонда жеңімпаз өзінен-өзі шығады. Бізге түсетін байқауға шығармалар әлеуметтік желіде, басқа жерлерде жарияланбау керек. Жаңа туынды болу керек, - дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев.

Әр номинацияның жеңімпазына 2 млн теңге, ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 млн теңге табыс етілді.

«Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары:

Бұған қоса, «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясы аясында ынталандыру жүлдесі ретінде 1 млн теңгені Файзолла Алпамыс («Жүректің жауһар жырлары» шығармасы) алды.

«Жылдың үздік поэзиясы» номинациясында сайысқа түскен қатысушылардың қатары қалың. Бұл сында түркістандық Әмәлият Арқалықтың шығармасы оқ бойы озық шықты.

Перизат Саденова
Бөлісу: