“Алтын орда” базарындағы дау: Болат Назарбаев жазадан қалай құтылып кетті?

2 Қараша 2023, 18:40 2433

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы облысында "Алтын Орда" базарындағы жаппай заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаевтың не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз зерттеген құжат бойынша ол базардың иесі емес. Сондықтан мен оның басшысы, оның иесі Болат Назарбаев екені туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Заңды түрде қолымнан келмейді, – деді Арман Шаққалиев.

Министр "Алтын Орда" базарында заңнамалық нормалардың жаппай бұзылғанын, бұл санитарлық, өртке қарсы және құрылыс нормаларын сақтау талаптарына да қатысты екенін түсіндірді. Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында арнайы топ құрылып, оның құрамына уәкілетті органдардың өкілдері кірді. Бүгінде көптеген заң бұзушылықтар жойылды,

Министрдің мәліметінше, Болат Назарбаев базардың заңды иесі емес және заңбұзушылық істеріне қатысы жоқ.

Бізде меншік иелері бар, бұл – жауапкершілігі шектеулі серіктестік және біз олардан жауап аламыз, – деді Арман Шаққалиев.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: