«Алтын контрабандасымен айналысқан»: Қазақстанның екі азаматы Түркияда ұсталды

4 Сәуір, 13:33 835

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, олар 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматыға жіберілді. Олар алтын контрабандасымен айналысты деген күдікке ілінген.

Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: