«Алты жыл бойы алдап келді». Әнару Қалдыбек боксшы Жанқош Тұраровпен арақатынасын айтты

23 Тамыз, 17:00 12635

Боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Қалдыбекқызы БАҚ өкілдеріне болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на  сілтеме жасап.

Әнарудың сөзінше, Жанқош Тұраровпен 2018 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан. Алғашында оның отбасылы екенін білмеген. Ал білген соң, жүздесуден бас тартқан. Бірақ, Тұраров оны кездесуге көндіріп келген. Әнару боксшының арбауына түсіп, қонақ үйде пәктігін бергенін де жасырмады.

Соңғы рет Жанқош екеуі 2024 жылдың 12 тамызында кездескен.

Ол маған «мен әйеліммен ажырасамын, ара қатынасымыз өте нашар, үш қыз туды, бір ұл туып бере алмады. Сендей адамнан, сендей қыздан ұрпақ болғанын қалаймын» деді. 12 тамыз күні түнде келді. Менің ойым – оған жандүниемде не болып жатқанын айту еді. Анам туралы айтып, жүрегімді ақтарғым келді. Анама шығарған өлеңімді оқыдым. Сол күні оған «өмірімді құрттың» деп жыладым, - дейді Әнару.

Бірақ боксшы қыздың мұңын тыңдаудың орнына күштеп, зорлаған.

Тамыздың 19-күні полицияны шақырдым. Оған дейін мен депрессияда жүрдім. Неге арыз жаздым десеңіздер, себебі мен шаршадым, жеті жылдан бері өмірім өтіп жатыр. 20 тамызда онымен полиция бөлімшесінде кездестім. Беттестіру кезінде менен кешірім сұрап, ақшалай көмектесетінін айтып, 2 млн теңге аударамын деді. Мен «ақша да, ештеңе де керек емес, психологиялық жағдайым дұрыс, балалық шағым бақытты өтті, маған анамның өлімі мен сіздің маған істегеніңіз жара салды» дедім. Енді істі полиция тергеп жатыр, - деді ол.

Әнару Жанқош Тұраров заң аясында жазаланғанын қалайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: