Альцгеймерді бастапқы кезеңде қалай анықтауға болады? Ғалымдар жауап берді

30 Қараша 2023, 18:42 1285

Жас ұлғайған сайын адамда гиппокамп азаяды екен. Ол кеңістіктегі бағыт-бағдарға, эмоцияларға және есте сақтау қабілетіне жауап беретін мидың белгілі бір аймағы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Калифорния ғалымдары гиппокамптың төмендеуі Альцгеймер ауруының дамуына себеп болуы мүмкін екенін айтады. Мұндайда адам кеңістікте есте сақтау немесе бағдарлау проблемаларына ұшырауы мүмкін.

Сонымен қатар эмоционалды тұрақсыздық байқалады – агрессия, немқұрайлылық немесе сентименталдылық күрт артады.

Гиппокамптың төмендеуі Альцгеймер ауруының негізгі көрсеткіші болып табылатын белгілі бір ақуыз анықталғанға дейін жүреді. Сондықтан бұл ауруды ерте анықтауға көмектеседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: