Алтайда екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты

15 Қаңтар 2023, 12:30 1204

Құтқарушылар өрт кезінде 6 адамды эвакуациялады

Алтай қаласының Матросов көшесінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екінші қабатта орналасқан пәтерде зал бөлмесінде жеке заттар, жиһаздар, төбенің ағаш конструкциялары жанып кетті. Келген өрт сөндірушілер бөлімшелері түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды, ол түтін үй-жайына еніп, 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Барлығы 3 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын – ала себебі- мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

«Тұтанып тұрған папиростың максималды температурасы 300-420° аралығында, жану ұзақтығы 4-8 минут. Темекі жарты сағат бойы бықсуы мүмкін, сол кездегі оның температурасы 310-320°құрайды. Одан кейін ол сөнеді, бірақ бұған дейін ол түскен материалдың тұтанып кетуіне себепші болуы мүмкін. 1-4 сағат ішінде жаңа жану ошағы (материалдың қасиеттеріне және жылу беру жағдайларына байланысты) өртке айналуы мүмкін», - деп ШҚО ТЖД МӨБ басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов атап өтті.

Мыналарды ұмытпаңыз:

– төсекте темекі шегу немесе креслода отыру, әсіресе мас күйінде-бұл жағдайда ұйықтап кету өте оңай. Егер сіз темекіні уақытында сөндірмесеңіз, одан киім немесе жиһаз өртенуі мүмкін.

- тіпті сөндірілген темекіні де қағаздар мен басқа да жанғыш қалдықтары бар қоқыс жәшіктеріне тастамаңыз – олар өртеніп кетуі мүмкін.

-қағаз діңгектерін немесе сіріңке қораптарын күл салғыш ретінде қолдануға болмайды 

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

EL.KZ
Бөлісу: