Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды

8 Маусым 2023, 09:05 3250

Алтай Көлгінов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Президент тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген жарлықта.

Көлгінов вице-премьер қызметін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келді. Оған дейін Астана қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы ҚР Қарулы күштерінде қызмет етіп, 2001-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: