Алқабилер сотына қатысты жаңа ереже шықты

13 Наурыз, 12:50 1283

Алқабилер сотында шешімді кеңесу бөлмесінде судьяның қатысуынсыз 11 алқаби қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа заң жобасы бойынша, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады.

Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр.

Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.

Аталған норма азаматтардың құқығын қорғауға басымдық беру мақсатымен енгізілуде.

Айта кетейік, қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: