Әлназарова әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты

2 Қыркүйек, 15:00 897

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаз әскердегі қызмет кезінде басынан жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, әскери қызметшінің әлі де жағдайы ауыр.

Науқастың жағдайын бақылаудамыз. Қажетті көмектің бәрін көрсетуге дайынбыз. Оның жағдайы әлі де ауыр. Біздің тараптан медициналық қызметшілердің қосымша көмегі қажет болса, оны беруге дайынбыз, - деді Әлназарова.

Тілшілер министрге Ербаян ауруханадан шыққан соң қажетті көмек, тіпті жеке басына арналған гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілмегенін алға тартты. Тиісінше ата-анасы өздері қарауға мәжүр.

Жөргектермен қамтамасыз ету мәселесі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді, - деді Ақмарал Әлназарова.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: