Алмаз Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

27 Маусым 2022, 11:55 1545

Ол 2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайы El.kz. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі жариялады.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 

2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.

2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

Бөлісу: