Алматының қуыршақ театры Канададағы фестивальде бас жүлдеге ие болды

8 Шілде, 16:15 493

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Канадада өткен І-ші Халықаралық "Оттава" қуыршақ театрлар фестивалінде гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұйымдастырушылардың шешімімен театр өнерпаздары Romeo and Juliet қойылымын өрермен назарына ұсынды. Өнер туындысы қазылар шешімімен үздік теп танылды. 

Шекспирдің атақты трагедия желісімен сахналанған қойылым барша канадалық көрермендерді таңдандырып, театр өнерпаздарының дарыны мен қазақ қуыршақ өнерінің биік дәрежесін асқақтатты!,-деп атап өтті театр ұжымы. 

Айта кетейік, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған өнер фестивалі Оттава қаласында 2-6 шілде аралығында өтті. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МЕМЛЕКЕТТІК ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ🎭 (@kuyrshak_teatry)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: