Алматының Медеу ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады

7 Тамыз 2023, 18:41 764

Алматы қаласы Медеу ауданының кейбір аумақтары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

Оқи отырыңыз:

Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген мәліметте.

Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: