Алматының коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді

14 Наурыз, 22:06 535

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Алматы қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы сағат 20:00-ден 367 техника мен 171 жол жұмысшысы жұмылдырылғанын мәлім етті.

148 құм таратқыш көлік жолдарға көктайғаққа қарсы материал сеуіп шықты. Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша 350 тонна пайдаланылды.

Сағат 20:30-дан бастап Жол полициясы патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен қар жинау бойынша 11 баған ұйымдастырылды.
Тротуар жинайтын 160 шағын техника да қар тазалауда.

Тәртіп бойынша кептелісті болдырмау үшін ең алдымен көлік нөпірі көп қозғалыс учаскелері қардан тазаланады. Содан кейін көлік ағынының қарқындылығы орташа учаскелер - алаңдар, вокзал маңы аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандағы кірме жолдар тазаланады.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейту, сондай-ақ қар тазалау маршруттарын түзету. Аудан әкімдіктерінде жұмыс барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: