Алматының кейбір аудандарында жаңа жолдар пайдалануға беріледі

22 Маусым 2023, 12:50 939

Биылғы жылдың 5 айында Алматы қаласының экономикасы қарқынды түрде өсіп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін жеделдеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде мәлім етті, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға 484 миллиард теңге инвестиция тартылып, жеке инвестициялар 2,7%-ке өскен.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Осы жылдың басынан бері 29,4 мың жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде бағаланады. 2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды бекітті, – дейді облыс әкімі Ерболат Досаев.

Бұдан өзге ол 2022 жылы пилоттық режимде жолдардың сапасын жақсарту үшін асфальтбетон қоспасына полимерлі қоспалар түріндегі жаңа материалдарды қолданылғаны жөнінде айтты. Олар ауыртпалыққа және климаттық жағдайларға төзімді көрінеді.

Биыл 6 шағын ауданда 25 км жаңа жол салуды және 200 км орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жаңа технологияларды қолдану орташа жөндеу жүргізу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласының әкімі.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: