Алматының Әуезов ауданында жастар тобына арналған орталық ашылды

7 Қаңтар, 02:13 324

Алматыда Әуезов ауданының Мамыр-1 шағын ауданында жаңа комьюнити орталық ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жер жастар бас қосатын ортаға айналады деп жоспарланған. Ауданда 14-35 жас аралығындағы 102 мың адам тұрады. Ал оның 7,8%-ы – NEET санатындағы жастар.

Әкімдіктің хабарлауынша, комьюнити орталықта білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді. Жастар білікті психологиялық және заң көмегін алып, жұмысқа орналасу үшін көмек сұрай алады. Онда резиденттер үшін барлық қызмет тегін.

Бізге кері байланыс қажет: барлық білім беру және біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеу керек десеңіздер, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: