Алматыны ұнататын Француз дзюдошысы Париж турнирін 8-ші рет ұтты

5 Ақпан, 06:33 1018

Дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы, франциялық Тедди Ринер Парижде аяқталған Гранд Слэм турнирінің 8-ші ұтты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі спорт жұлдызы 35 жасында аталған турнирді ұтқан ардагер спортшы ретінде рекорд орнатты. Сондай-ақ, ол онға жуық рет жеңімпаз атануымен ерекшеленіп отыр. 

Француз спортшысы турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Ғалымжан Қырықбайды, 1/8 финалда Оңтүстік Корея дзюдошысынан басым түсті. Сонымен бірге, ширек финалда германиялық Коне Лоссениден, жартылай финалда өзбекстандық Әлішер Юде өз елінің әнұранын шырқатты. 

Айта кететін жайт, Тедди Ринер қаңтар айының ортасынан бастап екі атпаға жуық уақыт бойын жаттығу жиындарын екінші жыл қатарынан Алматыда өткізген болатын. Ол Қазақстанға бұл сапарында тыңғылықты дайындалып, жаттығу жұмыстары ойдағыдай өткенін ресми парақшасында жариялаған. 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: