Алматының коттедж қалашықтары мен таунхаустарындағы баспаналарға шолу

30 Қараша 2016, 09:15

Нарықтағы жаңа үйлердің бағасы қандай?

Homsters.kz жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары жаңа үйлер туралы өз мәліметтер базасы негізінде Алматының коттеджді кенттері мен таунхаустарындағы үздік ұсыныстарға шолу әзірледі.

Күздің соңы мен қыс – коттедждер мен таунхаустар сатып алуға ең қолайлы кезең. Жылдың бұл мезгілдерінде мұндай баспаналар бойынша мәмілелер аз жасалады да, кейбір нысандардың бағасы, әсіресе, қысқы мерекелер қарсаңында, төмендеуі мүмкін. Бұған қоса, таунхаустардан үйлер мен апартаменттерді қыста сатып алған қожайын көктем шыққаннан кейінгі белсенді жұмыстарға дейін интерьер мен ландшафт дизайны жобаларын жасап үлгереді. Сондықтан Homsters.kz сарапшылары жаңа үйлер туралы өз мәліметтер базасы негізінде коттедж кешендері мен таунхаустардағы қызу саудаланып жатқан баспаналардың үздік ұсыныстарына шолу жасады.

Мұндай баспаналардың элиталық сегментінде тұрған оңтүстік астанадағы үздік ұсыныстардың бірі – әл-Фараби даңғылынан жоғары, Оспанов көшесі ауданында орналасқан Esentai River Townhouse резиденциясы. Нысанның сәулет образы Виктория дәуірі стилінің ықпалымен жасалған. Резиденциядан бірнеше қадамдық жерде Haileybury мектебі мен «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені бар. Esentai River Townhouse үйді қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін iTownhouse жүйесімен жабдықталған төртқабатты 43 таунхаустан тұрады. Әр коттедждің көлік тұрағы мен ішкі ауласы бар. Кешеннен ауданы 182 шаршы метрге жететін бес және алты бөлмелі апартаменттерді сатып алуға болады. Esentai River Townhouse резиденциясындағы таунхаустың құны – 118,3 млн. теңгеге жуық (шаршы метрі – 650 мың теңге). Құрылыстың бірінші кезегі 2016 жылдың желтоқсанында пайдалануға беруге дайындалып жатыр.

Жоғары санатты сегменттегі тағы бір тартымды ұсыныс – Бағанашыл ауданындағы жеке гараждары мен үй маңындағы учаскелері бар 36 таунхаустан тұратын «Амани» коттедж қалашығы. Қалашықтың жалпы ауданы – 1,6 га, онда спорт және балалар алаңдары, жүгіру және серуендеу аймақтары, дүкен мен балалар орталығы бар. Таунхаустардың бәріне «Ақылды үй» жүйесі орнатылған. Үй салушылар ауданы 340-тан 380 шаршы метрге дейінгі баспаналарды ұсынады, бір шаршы метрінің құны – 450 мың теңге. Коттедж қалашығы 2016 жылдың сәуірінде пайдалануға берілген.

Алматыда, әсіресе, қаланың орталығында таунхаустар бойынша ұсыныс аса көп емес. Сондай санаулы нысанның бірі – Нахимов көшесіндегі таунхаус. Ол әл-Фараби даңғылы маңында, Сейфуллин даңғылындағы жолайрыққа жақын орналасқан және төртдеңгейлі екі блоктан тұрады. Мұнда шаршы метрдің құны – 559 мың теңге. Рейтингтің басында тұрған кешенге қарағанда, бұл таунхауста ауданы 62 шаршы метр болатын бір, 75 шаршы метр болатын екі және 94 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерлер сатылады. Нысан 2016 жылдың бірінші тоқсанында тапсырылған.

Коттедж қалашықтарындағы ұсыныстардың бәрі элита сегментінде емес. Эконом-класс бойынша да бірнеше нысан бар. Мысалы, Қарабұлақ кентіндегі Alma Village коттедж қалашығы. Бұл – Алматының ірі коттедж қалашықтарының бірі. Құрылысшылардың жоспары бойынша кешен бірнеше типтегі 503 үйден тұруы керек: екі қабатты коттедждер (152-195 шаршы метр), таунхаустар (118 шаршы метр), блокталған екі қабатты үйлер (129 шаршы метр) және 1-3 бөлмелі көппәтерлі үйлер (84 шаршы метрге дейін). Шаршы метрдің құны 190 мың теңгеден басталады. Кешенде толыққанды инфрақұрылым қарастырылған – балабақша мен мектептен бастап, өзінің дербес сауда орталығына дейін. Нысандардың жартысы салынып бітіп, пайдалануға беруге дайын тұр.

Эконом-класс санатындағы тағы бір коттедж қалашығы – «Қарасу» кенті. Мұнда сатып алушыларға баспананың екі түрі ұсынылады: ауданы 77 шаршы метрге дейінгі таунхаустар немесе ауданы 154 шаршы метр болатын жеке үйлер. Рейтингтегі өзге кешендерден айырмашылығы – «Қарасу» коттеджді кенті қаланың төменгі бөлігінде, Солтүстік айналым ауданында орналасқан. Бұл кентте баспананың құны – 165 пен 190 мың теңгенің аралығында. Коттедж қалашығы ішінара пайдалануға берілген.

«Коттеджді кенттер мен таунхаустар қазақстандықтар арасында айтарлықтай тұрақты сұранысқа ие. Бұл, біздің ойымызша, мұндай тұрғын үй кешендерінің республикамызда қала сыртында орналасатындығымен байланысты. Салыстырар болсақ, мысалы, ТМД-ның басқа елдерінде коттедждер мен таунхаустар әдетте қала сыртындағы баспана саналады. Қазақстанда жылжымайтын мүліктің осындай түрін таңдай отырып, «кең жерде» тұрғандай, сонымен бірге, қала инфрақұрылымынан қол үзбеген жағдайда өмір сүруге болады», - деп есептейді Homsters.kz онлайн-сервисінің қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникова.


 

 

Бөлісу: