Алматының қарлы көктемі!

31 Наурыз 2015, 06:03

Алматыға әдетте көктем ерте келеді. Бірақ наурыз айының соңында қалың қар жауып, жұртты әбігерге салды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер де жазылып жатыр.

Алматыға әдетте көктем ерте келеді. Бірақ наурыз айының соңында қалың қар жауып, жұртты әбігерге салды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер де жазылып жатыр.

Мәселен, Айгүл Аханбай есімді белді журналист мынадай ұтымды сөз айтты:

– Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай!

P.S. "Қаңтардың емес, ақпанның емес, неге наурыздың ақша қарындай?" деуші едім. Осы екен ғой.

«Айқын» газетінің директоры-бас редакторы Нұртөре Жүсіп былай дейді:

– Қардың жауғанына қаншама адам қапалы сияқты. Осыған сәл басқаша қарап көрсек. Алла тағала жаңбыр немесе қар жауғызғанда әр тамшыны бір-бір періште ап түседі деген бір сөз бар. Демек, көктен періштелер түсіп жатқанда қуану керек емес пе?Не нәрсе болса да қабылдай білуге байланысты. 

Гүлзина Бектасова есімді журналист көктемде жауған қар туралы:

– Қыс адасып жүр. Көктем келгенін есіне сап еліне қайтарыңдаршы!

Александр Цой есімді әлеуметтік желіні белсенді қолданушы Алматының көктемі туралы асығыс пікір білдіргендей:

– Алматының қысы ағылшындар сияқты, қоштаспастан тайып тұрады. Астананың қысы өзіміздің қазақтар сияқты, қоштасып ап жатып алатын.

Ернар Бекенов есімді блогер:

– Алматыны кейде осындай тұрақсыз мінезі үшін жақсы көріп кетем. Не істейміз, алматылық жігіттер, дөңгелек ауыстырамыз ба қайта, әлде күте тұрамыз ба?

Белгілі спорт комментаторы Сергей Райлян:

– Астанадан жаңа келген адамдар үшін Алматыдағы көктемде түскен қар ешқандай әсер қалдырмайды екен.

Міне, наурыздың соңғы күндері Алматыға жауған қар жұртқа осындай әсер қалдырды. 


Суреттердің авторы – Досжан Балабекұлы.
Бөлісу: