Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін көшет тегін берілмек

28 Наурыз, 08:40 377

Алматыда «Жасыл аула» көктемгі акциясы басталады. Науқан барысында алматылықтарға көпқабатты үйлердің ауласын және қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаш көшеттері тегін беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көктемгі акцияға қатысуға өтінім қабылдау 1-11 сәуірі аралығында өтеді. Іс-шараның мақсаты - қаланы көгалдандыруды жалғастыру, жасыл қорды сақтау және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру.

Тұрғындар өтінімді zhasyl_aula_2025@mail.ru электронды мекенжайына хат жіберу арқылы бере алады. Ол үшін келесі ақпарат болуы керек:
 1. Аты-жөні, байланыс деректері, көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
 2. Жер учаскесінің фотосы (мүмкіндігінше панорамалық);
 3. Қажетті көшет саны.

Отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін қатысушылар фотоесеп жіберуі қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: