Алматылық журналист екі айға қамауға алынды

25 Сәуір 2023, 13:28 804

Алматыда журналист Владимир Северный екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Оның әйелі Наргиз үйқамақта болады.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Владимир Северныйға қатысты 2023 жылдың 20 маусымына дейін 2 ай мерзімге санкция берілді және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, күдікті Наргиз Севернаяға қатысты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, 21 сәуір күні жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: