Алматылық сарбаздар министрдің атынан қол сағаттар алды

21 Қазан, 20:42 369

68665, 21450, 84413 әскери бөлімдерінде қызмет еткен 27 сарбаз естелік сыйлықпен және алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жауынгерлерге Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Гауһар Сырлыбаева қол сағаттар табыстады.  

Салтанатты шараға Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.  

Әскери қызметшілер Батыс Қазақстан облысында көктемде орын алған су тасқынының зардаптарын жоюға халыққа көмектескені үшін бағалы сыйлық алды. Олар аймақ тұрғындарына қарғын суға қарсы күреске батылдықпен және жанқиярлықпен атсалысты, үйлер мен инфрақұрылым нысандарын қорғады. 

Сендер Отан алдындағы парыздарыңды абыроймен орындап, елге қиын сәтте қол ұшын бердіңдер. Бұл марапат – лайықты марапат, – деп атап өтті полковник Гауһар Сырлыбаева. 

№177 мектеп-гимназиясы мен №85 мектептің оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама іс-шараға келгендерге салтанатты көңіл күй сыйлады.

Перизат Саденова
Бөлісу: