Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды

8 Сәуір, 23:16 551

Алматы қаласының құтқарушылары су басқан Қостанай облысына көмекке жіберілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 56 қызметкерден құралған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті.

Авиабортқа су сору құралдарын, қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: