Алматылық оқушылар робототехника бойынша үздік нәтиже көрсетті. FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы аттанған болатын.
9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Ілияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали (№124 ЖББМ), Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат (№81 мектеп-гимназия), Томирис Оңғарбек (№206 мектеп-гимназия), Әсел Үмбет (№178 лицей), Мира Демеуғалиева (№200 мектеп-гимназия) бар.
Оқи отырыңыз:
Оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты. Соның ішінде алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды.
«124» командасы:
1 орын - Control award;
3 орын - Think Award;
3 орын - Connect Award.
Еске салайық, Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.