Алматылық оқушы Мәдениет министріне өтініш айтты

15 Наурыз 2023, 16:02 1349

Алматылық оқушы Мәдениет және спорт министріне Күләш Байсейітова атындағы мектеп-интернаттың студиясын кеңейту туралы өтінішін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5-сынып оқушысы Ассамад Әуелбек министрге музыкалық аспаптарға арналған кабинеттің тар екенін айтып, студияны кеңейтуді өтінді.

Асхат Оралов мәселені жеке бақылауына алатынын, биыл мектепке жаңа музыкалық аспаптар мен оқу орнының басқа да қажеттіліктерін сатып алуға қосымша 250 миллионнан астам қаражат бөлінетінін айтты. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, министр мектеп оқушысы Зара Иманғазыны туған күнімен құттықтап, гүл сыйлады.

EL.KZ
Бөлісу: