Алматылық бес азамат шетелдіктерге ойыншық қару кезеп, тонап кеткен

5 Қаңтар, 11:56 1119

Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бес адам шетелдіктердің жалға алған үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, 3 миллион теңге мен 13 мың доллар ақшаларын тартып алған. Аталған қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Соның нәтижесінде 1999, 2001, 2003 жылдары туған бес күдікті ұсталды.

Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Дидар Аханов қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т. бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғанын айтты.

 Ол зардап шеккендермен жұмыс істеген әрі олардың табысы туралы білген. Қылмыстың хронологиясы мен күдіктілердің қалай дайындалғаны белгілі болды. Мұнда бейнебақылау жүйелері маңызды роль атқарды. Айғақтар, оның ішінде 2 ойыншық тапанша тәркіленді, - деді ол.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: