Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 45 жыл бұрын оң аяғының тізе буынына тігін машинасының инесі кіріп кеткен әйел түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, бала күнінде жараттанған. Сол кезде инені алып тастау үшін операция жасалған, бірақ ине табылмаған.
Осы жылдар ішінде ине мазамды алған жоқ, биыл ғана қатты ауырып, күннен-күнге асқына түсті. Ақсаңдап жүре бастадым. Сондықтан, стационарға жүгіндім. Маған рентген жасап, операция жасау қажет екені айтылды, - деді ол.
Аурухана травматологтері инені алып тастау бойынша жарты сағатқа созылған операция жасады. Операциядан соң әйел ақсаңдап жүруін қойды әрі ауруы басылды.
Операция сәтті өтті, ине алынып тасталды, - деді травматолог Дәулет Чукманов.