Алматылық қарттар референдумда үйден дауыс берді

5 Маусым 2022, 16:59 1372

Фото: almaty-akshamy.kz

Бүгінгі референдумға 18 жасқа толған барлық адам қатысуға құқылы. Тіпті, үйінен ұзап шыға алмайтын қарт адамдар да референдумға қатыса алады, деп хабарлайды El.kz almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

Бостандық ауданы бойынша  «учаскеме жете алмасам да, таңдау жасағым келеді» деген 114 өтініш келіп түскен болатын. Олар үшін қазір арнайы жасақталған топ шыққан.

Бүгін КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, бұлбұл әншіміз Бибігүл Төлегенова да өз таңдауын жасап, дауысын берді. Себебі, жас ұрпақтың Жаңа Қазақстанда өмір сүргенін қалайды. 

Осы ауданда орналасқан №492 сайлау учаскесінен Полукарова Валентина Яковлевна да үйінен дауыс берді. Ал ардагер Повод Анатолий Иванович №233 учаске бойынша өз таңдауын жасады.


Бөлісу: