Алматыға жақын маңда жер сілкінді

6 Мамыр, 09:44 1822

6 мамыр  сағат 9:12-де Алматыдан 194 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде Қырғызстанмен шекара аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2.

MPV магнитудасы - 5,7.

Тереңдігі - 10 шақырым

Алматы облысы Кеген ауданында 2 балл сезілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: