Алматыға Тәжікстанның Ұлттық әскери контингенті келді

Бүгiн, 15:02 140

Алматы халықаралық әуежайының әскери секторына Тәжікстан Республикасының Ұлттық әскери контингенті келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бітімгерлер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Тәжікстан әскери қызметшілері біздің еліміздің аумағына Душанбеден Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді.

Олар бірден жаттығу өтетін "Берег" полигонына марш жасап жетті. Онда 1 қазанда оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: