Алматыға көшіп келген ресейлік азамат басына чип орнатқан

21 Шілде 2023, 13:46 1778

Ресейдің Новосібір қаласынан Алматыға көшіп келген экспериментатор Михаил Радуга бұрғының көмегімен басына чип салған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Трепанация деп аталатын бұл процедураны жасау үшін YouTube-тан нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді зерттеген.

Содан кейін құрылыс дүкенінен бұрғы сатып алып, ойын іске асырған. Ол басын бұрғылап, терісін қағаз қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты салған. Оның айтуынша, басындағы чип ұйықтап жатқан кезде түстерін қалағандай көруге көмектеседі деп ойлаған.

Ресейлік азамат операция кезінде хирургиялық тәжірибенің жоқтығынан бір литрге жуық қан жоғалтып, аман қалған.

Тірі қалғаныма қуандым. Бірақ өлуге дайын болғанмын, – деді ол.

40 жастағы ер адам бұл тақырыпты ұзақ уақыт зерттеп жүргенін, 1,5 жылдан бері имплант орнату үшін нейрохирургтерге баруды жоспарлағанын айтты.

Ресей азаматы өзіне чип салмас бұрын 5 қойға тәжірибе жасап та көрген екен.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: