Алматыдан Қонаевқа электр пойызы қатынайтын болады

9 Қараша 2022, 02:47 1072

Алматы-Қонаев пойыз бағыты 11 қарашадан бастап ашылады

Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашылады, деп хабарлайды El.kz  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.
Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар. Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы тапсырмасын 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында берген болатын.

EL.KZ
Бөлісу: