1 наурыздан бастап Алматы мен Балқаш арасында тікелей пойыз қатынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, пойыз күнара жүреді.
Пойыз құрамында бір купелік және бір плацкарттық вагон бар. Бір сапарда 180 жолаушыға дейін тасымалдайды.
Жол жүру кестесі:
«Балқаш-Алматы»: жұп күндері сағат 07:52-де жөнелтіледі, Алматыға 00:58-де келеді.
«Алматы-Балқаш»: тақ күндері сағат 00:10-да жөнелтіледі, Балқашқа 15:03-те келеді.
Билет бағасы 7 722 теңгеден басталады.
Бұған дейін Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, сол жерде пойызға ауысуға мәжбүр болатын.