Алматыдан 915 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

27 Сәуір, 13:25 636

27 сәуір күні сағат 7:44-те Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,7.

MPV магнитудасы - 4,0.

Тереңдігі - 20 шақырым

Елімізде сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: