Алматыдан 850 шақырым қашықтықта жер сілкінді

26 Наурыз, 16:41 604

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 26 наурыз күні сағат 13:03-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 850 шақырым жерде Ауғанстанда орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.5.

MPV магнитудасы — 5.6.

Тереңдігі — 215 км.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: