Алматыдан 839 шақырым аумақта жер сілкінді

18 Маусым 2023, 14:26 737

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні Алматы уақытымен сағат 08:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым қашықтықта, Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқаны белгілі болды. 

Энергетикалық санаты – 10.1, MPV магнитудасы – 4.5, тереңдігі – 70 км болған. 

Сондай-ақ, сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) тіркелмген. 

Асқар Таудай
Бөлісу: