Алматыдан 315 шақырым қашықтықта жер сілкінді

26 Қыркүйек 2022, 09:37 1574

Жер дүмпуі 26 қыркүйек күні Алматы уақытымен таңғы сағат 6:50 шамасында болған

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.

Жер дүмпуі 26 қыркүйек күні Алматы уақытымен таңғы сағат 6:50 шамасында болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 315 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.6. MVP магнитудасы - 4.7. Бағыты - 42.19° с.е. 80.50° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген хабарламада.

Бөлісу: