Алматыдан 277 шақырым жерде жер сілкінді

8 Тамыз 2022, 10:51 1434

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 277 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан

8 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 9:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды El.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 277 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. MPV магнитудасы – 4.7. Жер сілкінісі ошағының бағыты – 40.88° с.е. 78.13° ш.б. Тереңдігі 10 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Бөлісу: