Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды

4 Қараша, 09:31 587

Түнде Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: