Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жалған ақпарат таратқандар жазаланды

27 Қаңтар, 22:17 941

Алматы прокурорлары жер сілкінісі туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тартудың алғашқы фактілері туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі кезінде әртүрлі әлеуметтік желілерде және мессенджер чаттарында табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері тіркелді, бұл өз кезегінде азаматтар арасында дүрбелең және кең қоғамдық резонанс тудырды.

Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылы туған екі әйелдің жеке басы анықталды.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: