Алматыдағы ЖЭО 2026 жылы газға көшіріледі

5 Қараша 2023, 03:32 894

Энергетика министрі А. Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ ЖЭО-2 және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының жұмыстарымен танысты.

2-ЖЭО-да министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңінен өту жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.

Алматы қ. ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да № 3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. № 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жалпы, «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны ағымдағы жылдың қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық паспорты алынды.

Берік Арманов
Бөлісу: