Алматыдағы тарихи Азия чемпионатының үздіктері марапатталды

11 Қараша, 13:31 567

Алматыда шайбалы хоккейден тұңғыш Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды. Марапттау рәсімі чемпиондарға арналған кешкі ас кезінед табысталды.

Алдымен командалардың үздік ойыншылары марапатталды. Қазақстан құрамасында – қорғаушы Дмитрий Бреус, Жапонияда — шабуылшы Тайга Ирикура, Кореяда — шабуылшы Ким Санг Вук, Қытай — қорғаушы Чжан Пэнфэй.

Турнирдің үздік қақпашысы атағы қытайлық Чен Шифенгге бұйырса, үздік қорғаушы болып жапониялық Ишида Рику болып танылды. Ал үздік шабуылшы атағын турнир барысында 5 (2+3) ұпай жинаған Евгений Рымарев иеленді. Ең пайдалы ойыншы атағы қорғаушылар арасында үздік сұрмерген атанған Дмитрий Бреуске берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: