Алматыдағы ойын-сауық нысандарында 114 бұзушылық анықталды

10 Қараша, 13:14 357

Алматыдағы ойын-сауық нысандары тексеріліп, 114 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, шаһардағы ойын-сауық орындарында тексеру жүргізілген.

Қарашаның 8-інен 9-ына қараған түні Алматы қаласының полиция қызметкерлері темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді. Нәтижесінде бірқатар бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама жасалды. 162 кальян тәркіленді, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: