Алматыдағы орташа жалақы 470 мың теңге - Ерболат Досаев

Бүгiн, 12:35 163

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардағы орташа айлық жалақының 6,1 пайызға көбейіп, 470 мың теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Досаевтың айтуынша, басты приоритетте -  алматылықтардың әл ауқатын арттыру.

Елдегі инфляцияны ескерсек, Алматыдағы орташа айлық жалақының нақты мәнде 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңгені құрады, -дейді әкім.

Ол  11 айда 68 мың жұмыс орны құрылды. Олардың 82 пайызы - тұрақты жұмыс орны. Нәтижесінде алматының жұмыстық деңгейі 4,6 процентке дейін төменендеді деп отыр.

Біз жылдық инфляцияны 2024 жылдың соңына дейін 8,5 процентке жаңа 2025 жылы 7,5 пайызға баяулауын болжаймыз, - дейді Ерболат Досаев.

Биыл Алматыда экономикалық өсімнің жоғары көрсеткіші сақталып келеді екен. Соңғы 11 айда Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 6,6 пайызға өскен.

Биылғы жыл қорытындысына сәйкес, экномика өсімінің 5,5 пайыз деңгейінен 6,4 пайызға өсуін күтудеміз. Алматы экономикасының басты драйвері - шағын және орта бизнес. Бүгінде бұл салада 942 мыңға жуық алматылық жұмыс істейді. Айта кету керек, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында 2024 жылы бюджеттен 180 жаңа жобаны қолдау үшін 53 млрд теңге бөлінген еді. Ал 2025 жылға 71 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл шағын және орта бизнестің тағы 2000 жаңа жобасын қолдауға мүмкіндік береді. Мақстамыз - шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосқан үлесін 2024 жылы 60 пайыздан 2030 жылға дейін 75 пайызға дейін арттыру, -деп түсіндірді әкім.

Алматы экномикасын сапалы деферсификациялаудың маңызды бір компоненті – туризмнің жеке дамуы. Алматы Орталық Азиядағы жетекші дестинация ретінде өз позициясын нығайтуда. 2024 жылдың 9 айында қалаға бірден 1,7 млн турист келді. Оның ішінде 507 мыңы - шетелдік қонақ.  

Алматы өнерлік туризмнің орталығы ретінде халықаралық бағамен расталады. Қаланың шаңғы тебу туризмі бойынша Топ 5 бағытының қатарына енді. Саяхат орындарының бірі ретінде белгіленді. Осы жылдың қарашасында Катар Travel Мart 2024 жылғы халықаралық көрмесінде Алматы әлемдегі 60 елдің арасында үздік туристік бағыт мәртебесін ие болды,-деді Досаев.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: