Алматыдағы Наурыз мерекесінен фоторепортаж

21 Наурыз 2023, 17:04 1207

Алматыда Наурыз мерекесі батырлар шеруінен, эпостар, аңыздар мен ертегі батырларынан басталды. Оған Қазмемцирк әртістері, театр актерлері, би ұжымдары және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі мерекелік концерт "Астана" алаңында басталып, 22.00-ге дейін жалғасады. "Наурыз думан" театрландырылған музыкалық қойылымы Қазақстанның отбасылық және халықтық дәстүрлері туралы баяндап, көрермендер Наурыз мерекесіне арнап құрылған ауылды аралады.

Концертті қазақстандық эстрада жұлдыздары, ТМД елдерінің әртістері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен түрлі би ұжымдары жалғастырды.

 

Панфилов пен Жібек Жолы көшелеріндегі "Наурыз Fest" фестивалі 23 наурызға дейін өтеді. Сіздерді халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, жанды музыка және сыйлықтар ұтыс ойындары күтеді. 

 

22 наурыз күні сағат 17:00-де "Астана" алаңында жас әншілердің қатысуымен Zhuldyzdy Almaty концерті өтеді.

 

Мерекелік іс-шаралар бір уақытта қаланың алты ауданында өтеді. Алатау және Наурызбай аудандарында мереке 22 наурызда өтеді.



Дәстүр бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына наурыз көже және бауырсақ таратылды.

 

EL.KZ
Бөлісу: